Анджелина Джоли Ауғанстандағы ахуал жайында баяндау үшін Instagram-да парақша ашты

0
636

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі Анджелина Джоли Ауғанстандағы ахуалға назар аударту үшін Instagram-да парақша ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Джоли жұма күні ашқан парақшасында аты-жөні мен мекенжайы бүркеменлеген ауған қызының хатын жария етті. Қыз хатында тәліптердің билігі кезінде өзінің өміріне алаңдайтынын және қорқатындығын жазады.

«Тәліптер басып алғанға дейін құқығымыз болды. Құқымызы еркін қорғай да алатын едік. Олар келгеннен кейін барлығымыз да қорқып отырмыз әрі бүкіл арманымыздың күлі көкке ұшады деп ойлаймыз», — дейді ауған қызы хатында.

Біріккен Ұлттар ұйымының босқындар ісі жөніндегі изгі ниет елшісі Анджелина Джоли хат астына қалдырған пікірінде өзінің негізгі құқығымен күресіп жүрген бүкіл әлемдегі адамдардың тарихы туралы жазуды жоспарлап отырғандығын атап өтеді.

«11 қыркүйектегі лаңкестік әрекеттен 2 апта бұрын Ауғанстан шекарасына барып, тәліптердің режимі салдарынан елден қашқан босқындармен кездескенмін. Бұл осыдан 20 жыл бұрын болған еді. Ауғандықтардың тағы да елін жайлаған белгісіздіктен қорқып, босқынға айналуын көргеннен жаның ауырады», — деп жазады Джоли.

Талибан елді басқару ісін өзгертетіндігін жария еткеніне қарамастан тұрғындардың басым көпшілігі оған сенімсіздікпен қарап отыр. Құндыз қаласы тұрғындарының бірі тәліптердің өзгеретіндігіне шәк келтіреді.

«Олар ортақ құндылықтарды ауған халқымен бөліспейді. Демократия – бұл олар үшін емес», — деді ол.

Айта кетерлігі, мыңдаған ауғандық елден кетуге тырысып, Кабулдегі Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежайында тәртіпсіздік орнатқан болатын.