Аңдып жүріп пышақтады: Атырауда дәрігерлер жарақат алған әйелдің өмірі үшін күресіп жатыр — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырауда әйел адамға шабуылдаған ер адам ұсталды. Желіде ер адамның әйел адамды аңдып жүріп пышақтағаны түскен видео тарады. 

Аңдып жүріп пышақтады: Атырауда дәрігерлер жарақат алған әйелдің өмірі үшін күресіп жатыр

Бұл оқиғаны денсаулық сақтау басқармасы растады. Кеудесінен жарақат алған әйел адам ауруханаға түсті. 

«Оған ота жасалды. Ота 4 сағатқа созылды. Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы ауыр», — дейді денсаулық сақтау басқармасында. 

Ал, оған шабуылдаған ер адам ұсталды. Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Өңірдегі полиция департаменті бұдан өзге ақпарат жарияланбайтнын мәлімдеді. 

stan.kz