Аңдып жүріп пышақтады: Атырауда дәрігерлер жарақат алған әйелдің өмірі үшін күресіп жатыр — Қазақстан жаңалықтары
Атырауда әйел адамға шабуылдаған ер адам ұсталды. Желіде ер адамның әйел адамды аңдып жүріп пышақтағаны түскен видео тарады.
Бұл оқиғаны денсаулық сақтау басқармасы растады. Кеудесінен жарақат алған әйел адам ауруханаға түсті.
«Оған ота жасалды. Ота 4 сағатқа созылды. Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы ауыр», — дейді денсаулық сақтау басқармасында.
Ал, оған шабуылдаған ер адам ұсталды. Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Өңірдегі полиция департаменті бұдан өзге ақпарат жарияланбайтнын мәлімдеді.
stan.kz