Android-тағы қауіпті қосымшалар жайлы айтылды — Қазақстан жаңалықтары
Google Play Store-дың Android құрылғыларына арналған екі мобильді қосымшасы пайдаланушылар үшін қауіпті болды. SecAtor Telegram арнасының хабарлауынша, оларда «салыстырмалы түрде жаңа Joker зиянды бағдарламасы» табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
SecAtor мәліметінше, тыңшы модуль Speed Message-Beautiful and cute и Botmatic Messages қосымшаларында орналасқан. Бұл бағдарламалар балалар мен жасөспірімдерге бағытталған және мәтіндік хабарлама жіберуге арналған. Бұл жағдайда біріншісі 10 мыңнан астам рет, ал екіншісі — шамамен мың рет ұялы телефонға орнатылды.
Joker шпиондық бағдарламалары Google Play Store қауіпсіздік шараларын айналып өте алады. Егер қолданушы зиянды коды бар қосымшаны өз құрылғысына орнатса, шабуылдаушылар оған түрлі операцияларды жасауға рұқсат алады. Атап айтқанда, оның көмегімен олар хабарламаларды ұстай алады, контактілерді ұрлайды, басқа қосымшаларды орнатады немесе зардап шеккен адамға ақылы қызметтерге жазыла алады. Google қызметкерлері Play Store дүкенінен вирус жұққан қосымшаларды үнемі алып тастайды дейді.
Бұған дейін, мамыр айында, Bitdefender сарапшылары шабуылдаушылар Android смартфондарының иелерінің жеке ақпаратын ұрлайтын бағдарламаны тапқаны туралы хабарланған болатын. Бағдарламалық жасақтама 2016 жылдан бері жұмыс істейді.
stan.kz