Андрей Мягковтың өлімінің себебі белгілі болды

0

Андрей Мягков алдын-ала мәліметтер бойынша жедел жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды.

БАҚ-тың хабарлауынша, ес-түссіз жатқан актерді үйден әйелі тапқан. Актер дәрігерлер келгенше қайтыс болды.

Белгілі актердің қайтыс болғаны туралы ақпарат Чехов атындағы Мәскеу көркем театрында расталды.

Мәскеу қалалық думасы Мягков тұрған үйге мемориалдық тақта орнатуға келісетіндіктерін мәлімдеді.