Анау кісіні қайтеміз? Бізде декларациялауды жүзеге асыру мүмкін бе

0

Жалпыға ортақ декларациялаудың керек нәрсе екені сөзсіз.

Саясаттанушы Талғат Қалиев өзінің telegram-каналында 2020 жылғы жалпыға ортақ декларациялауды жүзеге асыру жайында пікірін жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға ортақ декларациялау енгізілмек.

– Шілдеден кешіктірмей қағаз түрінде, қыркүйектен кешіктірмей электронды декларация тапсыру керек дейді. Декларацияға барлық активтер, оның ішінде банктегі салымдар, қолдағы ақша, асыл бұйым, бағалы тастар, жылжитын-жылжымайтын мүлік түгілі, үйдегі төрт түлік те кіреді. Қолма-қол ақша тек 500 минималды жалақыға дейін (2019 жылы ең төменгі жалақы көлемі 42500 теңге) ғана декларацияланады, одан асса, банк шотына салу керек. Нөлдік меже осыдан басталатын сияқты, одан кейін шығындар табыспен тең болуы керек, – деп жазады саясаттанушы.

Саясаттанушы жалпыға ортақ декларациялаудың керек нәрсе екенін айтады сөзсіз.

– Дұрыс орындалған жағдайда бұл коррупция тәуекелін төмендетіп, ашықтықты арттырып, көлеңкелі экономиканың ауқымын азайтады. Әсіресе шенеуніктер үшін дүние-мүлігін туыстарының атына жазуы қиындайды, өйткені туыстары ондай табысты ақтай алмайды, – дейді Қалиев.

Бірақ ол декларациялауды жүзеге асыру мүмкін бе, деген сұрақ қояды.

– Заңға бағынатын азаматтар аталған мерзімде салық комитетіне барар делік. Шенеуніктер де тәртіптен аса алмайды. Бірақ мұндай ашықтыққа шетел банктерінде, офшорларда шоттары бар, вилла мен яхта ұстайтындар дайын ба? Оның үстіне, олардың байлығының көлемі тым орасан болып шығуы бек мүмкін. Бүкіл халықтың декларациясынан да асып түссе қайтеді? Елімізде талай рет бір реттік заңдастыру жүргізілген, сол кезде де көптеген байларымыз оған қатыспай, қалыс қалған, – деп жазды саясаттанушы.

Оның пікірінше, елімізде жалпыға ортақ декларациялау бір сәтте жасалмайды. Оның орнына декларацияны кезең-кезеңмен жүзеге асыратын жаңа моделі ұсынылуы мүмкін.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz