Анатолий Цой: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағына әбден лайықпын, ол үшін Тоқаевқа хат жазам

0

Анатолий Цой Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алуға барын салуда. Жиырма жыл осы салада қызмет еттім деген әнші президентке хат жазуға дайын. Тіпті осы атақты алу үшін азаматтығын өзгертпегенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Без фильтров»  бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Анатолий Цой Талдықорғанда туып-өсті. Қаладағы мәдениет сарайында бірнеше жыл қызмет етті.

«Маған әлі 24 жастасың, жассың, саған атақтың не керегі бар дегендер болды. Мен дәл осы атаққа өзімді әбден лайықпын деп ойлаймын. Себебі, осы салады қызмет еттім. Қаншама қайырымдылық концерттерге қатыстым. Тіпті осы үшін азаматтығымды өзгерткен жоқпын», — деді әнші. 

Анатолий 7 жылдан бері Ресейде тұрып жатыр. Ол елдің азаматтығын алмаған. Себебі, алдымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алуым керек дейді.

«Мен керек болса, президентке дейін хат жазамын. Мен осы атаққа лайықпын. Бұл атақ ешнәрсе бермейді. Сонда да алуым керек. Ресейдің азаматтығын алу маған қиын емес. Бірақ маған ол керек емес», — деді Цой.

Айта кетейік, Анатолий «Гүлдер» ансамблінде де жұмыс істеген. Алайда атақты иеленуге бір жыл қалғанда қызметтен кеткен екен.

Анатолий Цой 1989 жылы 28 шілдеде Алматыда дүниеге келген. «Хочу к Меладзе» ресейлік телешоуының жеңімпазы. 2007 жылы SuperStarKZ жобасының төртінші маусымында қатысты. MBAND тобының бұрынғы солисі.