Анатолий Цой Х-Factor жобасы туралы: Тура қаным басыма шапты! (видео)

0
454
Сурет: instagram.com/anatoliytsoy_official/?hl=ru

Өткен сенбіде Х-Factor жобасынан REEVOICE тобы кетті. Жігіттер Анатолий Цойдың қатысушылары болатын.

Жоба ережесіне сай, көрерменнің ең аз дауысын жинаған екі қатысушы қауіп аймағына түседі.

Олар өздерін құтқару үшін бір-бір әннен шырқап, нәтижесінде қазылар өз шешімін шығарады.

Анатолий Цой дауысын REEVOICE тобына берді, Нұрберген Махамбетов өз дауысын Лаура Өтеуовға сыйлады.

Шешуші сөз Нағима Есқалиеваға тиесілі болды. Халық әртісі Нұрберген Махамбетовтің шәкіртіне дауыс беріп, REEVOICE тобын шоудағы өнерін ары қарай жалғастыру мүмкіндігінен айырды.

Ал кадр сыртында жоба төрешілері бір-бірімен келіспейтіндерін мәлімдеді. Анатолий Цой Нағима Есқалиеваның таңдауына разы емес. Жігіттерге қолдау көрсеткен төреші Нағиманың шешімін әділетсіздік деп санайды.

Мұндайдан кейін төрешілер жоба соңына дейін қалай сыйысар екен? REEVOICE тобының болашағы бар ма?

Естеріңізге сала кетейік, REEVOICE триосы миллиондаған көрерменнің жүрегіне жол тауып үлгерді. Анатолий Цойдың өзі оларды шоу жеңімпазы атанады деп үміт артқан болатын.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету