Анасын іздеген Жәнібек үндеу жасады

0

Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына үндеу жолдады, деп жазады Kznews.kz.

«Сәлем достар, мен Қазақстанға, туған жерге барғаннан кейін Қазақстандық медиада шетелге бала сату мәселесі жиі талқылана бастады. Маған бұл ойды қабылдау қиын. Өйткені мені емес, басқа баланы асырап алу керек еді. Мен жақын арада биологиялық анамды табамын деп үміттенемін»,  — деді ол.

Сондай-ақ, ол анасының табылатынын шын жүрегімен сезетінін айтты.

«Анам табылса, өзімнің кім екенімді білсем деген арманымның алдағы уақытта орындалатынын жүрегіммен сезіп жүрмін. Осы сұрақтың жауабын табу жолында үлкен іс атқарып жатқанымыз туралы айтқым келді. Менімен жасты ұлдары бар аналар ДНҚ тапсырса деген өтінішім бар. Маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет. Жаңалық болса айтып отырамын», — деді ол.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде шетелде тұратын Жәнібек есімді (қазіргі құжатында ЭддЖан) жас жігіттің Қазақстанға келіп, анасын іздеп жатқаны туралы видео жарияланған еді. Белгілі болғандай, Жәнібек 2002 жылы 17 қаңтарда Арқалықта туған. 2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғызбасты анасы асырап алуға алып кеткен.

Бұған дейін «Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін» деген келіншек ДНҚ сараптамасын тапсырған еді. Өзін Мұрат деп атағанды ұнататын бельгиялық баланың үміті ақталмады. ДНҚ сараптамасы теріс нәтиже көрсетті.