Домой Жаңалықтар Анасы жаңа туған сәбиін төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген

Анасы жаңа туған сәбиін төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген

0
967

Мәскеулік әйел жаңа туған ұлын төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберді. Бұл туралы Мәскеу прокуратурасының ресми өкілі Людмила Нефедова «Лента.Ру» басылымына айтқан, деп хабарлайды кznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, 30 жастағы әйел үй жағдайында босанып, жаңа туған сәбиін пакетке салып, терезеден лақтырып жіберген. Сәби аман қалып, ауруханаға жеткізілді. Анасы да медицина мекемесіне жатқызылды.

Мәскеу прокуратурасы аталған факті бойынша оқиғаның мән-жайын анықтауды бақылауға алды. Іс бойынша шешім күтілуде.