Анасы үш жасар қызын аяусыз өлтірген қылмыскерді түрмеден босатуға рұқсат берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласының тұрғыны 23 жыл бұрын оның үш жасар қызының өмірін қиған кісі өлтірушіні шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ана

1997 жылы Джейн Кротхолл үйінен Люк Сибли есімді жалға алушыны шығарып жіберген. Сол кезде жас жігіт балға және пышақпен қаруланып, пәтер иесінің үш жасар қызы Кротхолл Бриттаниді өлтірді. Осыдан кейін ол Джейннің бөлмесіне кіріп, оған шабуыл жасаған.

Әйел ауруханаға жеткізілген. Ол есін жиғаннан кейін ата-анасы қызының мерт болғанын хабарлаған. 

Сибли кісі өлтіру және өлтіруге оқталудағы өз кінәсін мойындады және ең аз мерзімінен 13 жылға дейін шартты түрде өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Кротхолл қылмыскермен жеке кездесуге шешім қабылдағанға дейін он жылдан астам уақыт бойы мерзімінен бұрын шартты түрде босату сот отырыстарына барып жүрген. Алайда, Джейн бостандыққа шыққаннан кейін Сибли оған немесе басқа балаларына зиян тигізуі мүмкін деп қорықты.

Дегенмен қылмыскермен кездесу оны таңқалдырды: 40 жастағы Сибли қорқып қалған. Кротхоллдың алдында кешірім жасау мүмкіндігі оны оңалтуға әсер етті. Қылмыскер құрбанның анасымен кездесу психологтың сеанстарына қарағанда оған үлкен әсер еткенін мойындады. 

Өлтірілгеннен 23 жыл өткен соң Кротхолл Сиблиді босатуға келісім беру туралы шешім қабылдады. Жаңа Зеландияның от жүйесінде жәбірленуші қылмыскердің болашағы туралы шешім қабылдауға қатысуға құқылы.

stan.kz