анасы баласын өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрледі

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Оқиға Молдова елінің Резин ауданында болған

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Молдовада анасы баласын өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеп, видеоға түсірген. Бұл елдің денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Алла Немеренко оқиғаға қатысты пікір білдірді.

БАҚ-тың хабарлауынша, қатыгез ана баласын өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеп, телефонға түсіріп тұрған. Кейін бұл видеомен әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Молдова.

«Полиция дер кезінде араласты. Бала әлеуметтік қамсыздандыру саласының қызметкерлеріне тапсырылды. Оның қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Қазір психолог көмектеседі. Ал анасын дәрігерлер тексеріп жатыр», — деді Молдованың денсаулық сақтау министрі.

Тағы оқыңыз: Сәби жұмбақ жағдайда жоғалды: анасының қылмысы әшкере болды

Кейін ол баланы жақын туыстары алып кеткенін айтты. Бүгін арнайы комиссия баланы әлеуметтік қорғау мәселесін шешетін болады.



sputniknews.kz