«Анамды үйге әкелетін кезде Жанболаттан рұқсат сұраймын» — Жазира Байырбекова

0

Әнші Жазира Байырбекова әлі күнге дейін күйеуінен барлығын сұрап жасайтынын әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Бірақ кейбір қыз-келіншектердің көзқарасы бойынша дұрыыс емес екен.

«Менен көбі отбасы құндылығын сақтаудың құпиясын сұрайды. Оның нақты формуласы жоқ. Мысалы, үйленгенімізге 28 жыл өтсе де анамды үйге әкелетін кезде Жанболаттан рұқсат сұраймын. Үйге қонақ шақыратын кезде, біреуге үлкен сыйлық жасайтын кезде, бір жаққа баратын кезде де солай. Ал қазіргі қоғам бұл әрекеттерім дұрыс емес дейді. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінбей қалдық, шыны керек», — деп жазды Жазира Байырбекова.