Анамды көлік қағып мерт қылды: Бір күнде танылған «сылақшы» қыз жеке өмірі туралы айтты

0

Қызылордалық сылақшы қыз Гүлмайдан Серікбай «Менің өмірім» бағдарламасында ата-анасы туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Мен мектеп бітірген соң ауылдан қалаға көштік. Біз қарапайым отбасымыз. Әкем мен анамның мінезі жараспады. Мен 18 жасқа толдым. Ағам астанаға жұмысқа кетті. Әкем ауылға мал бағуға кетіп қалды. Анам Алматыға кетті. Төртеуміз төрт жаққа кетіп қалдық. Мен туысымның үйінде тұрып жүрдім. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа болған жоқ. Анаммен хабарласып тұрдым. Жолдасымды таныстырып, алдынан өттік. Ол орыс болғандықтан біз той жасамадық», – деді әнші.

Алайда анасын көлік қаққаны туралы хабарды естігенде күйзеліске түскенін жасырмады.

«Анаңды көлік қағып кетті деп хабар берді. Мен түк түсінбедім. Жыламадым да. Себебі сенбедім. Өтірік секілді. Түс көріп жатқандаймын. Ішімде 3 айлық бала бар. Ағам екеуміз Алматыға келіп, жаназасын шығардық. Мен тіпті дауыс шығарып жылай алмадым. Туыс әйелдер неге дауыс шығармайсың деп сөкті. Мен ішімнен тынып жыладым. Кейін қанша күн жылап жүрдім», – деді ол.