Анама жаным ашымайды: Туған шешесінен зәбір көрген қыз жаңа өмір бастады — Қазақстан жаңалықтары
14 жастағы Диана Иванова анасы мен әжесінен зәбір көрген қыз. Екі жылдан бері қызды Надежда Барсукова бағып отыр. Жақында сот оның тарапына шешім шығарды, деп хабарлайды КТК.
Қыздың туған анасы кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталды. Бірақ сотқа қарсы шағым түсіре алады. Ол қызының бөтен отбасында тәрбиеленіп жатқанына да қарсы.
Ал, Диананың өзі анасын көргісі келер емес.
14 жастағы Диана анасының қарауымен пәндерді оқиды. Ол Надежда Барсукованы ана деп атап жүр. Ауыр жарақаты салдарынан қыз мектепке бара алмайды. Оған бірнеше ота жасалды. Алайда анасын кешіре алар емес.
«Жақсы оқимын. Бестіктер, төрттіктер бар. Анам туралы ойламаймын. Оған жаным да ашымайды. Қазір оны кешіре алмайтынымды түсіндім», — дейді қыз.
Елді шулатқан оқиға 8 жыл бұрын болған. Ол кезде қыз бала басы сынып, жансақтау бөліміне түскен. Оған әжесін кінәлап, Ресейге жер аударды. Ал, былтырғы жылы полицияға көршілері хабар берді. Қызды үнемі ұратынын айтты. Ақыр соңында анасы түрмеге жабылды.
Ол кінәсін мойындаған жоқ.
«Ресми түрде 28 наурыздан бастап қамқоршы болдым. Енді ем аламыз. Диана әзірге үйден оқып жүр. Әлі де пластикалық ота жасау керек. Алдымен дәрігерлер ернін жасады», — дейді қамқоршысы Барсукова.
Ал, туған анасы қызын сол қамқоршысы үгіттеп отыр деп санайды. Ал, апелляциялық сот келесі аптада өтеді. Егер сот шешімі шықса, Надежда Барсукова Анна Иванованы ата-ана құқығынан айыруға бекініп отыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
.
stan.kz