“Анам жүре алмайды»: Анна Данченко жер сілкінісі кезінде үйінен шыға алмағанын айтты

0

Танымал тележүргізуші, журналист Анна Данченко Алматыда болған жер сілкінісі кезінде анасының денсаулығына байланысты үйден шықпағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Алла сақтасын, жер қатты сілкінді. Көршілер далаға шығып кетті. Мен үйде, маманың қасындамын. Ол жүре алмайтын болған соң, Алла жар болсын деп отырмын. Біз көп қабатты үйде тұрамыз», — деді.

Сөзінше, жүздеген көршінің ішінен бір ғана ер азамат чатқа «көмектесуге дайынмын» деп жазды.

«Ал біз жер үйде тұрамыз деп күліп жазып жатқан адамдарға таңым бар. Олай жазудың қажеті жоқ-ау (тіпті күлкілі нәрсе емес). Қалай болғанда да мен анаммен бірге қаламын. Денсаулығына байланысты суыққа шығаруға, көп отыруға болмайды. Бар ойым тек анамда. Өзім үшін емес, мамам үшін қорқып кеттім. Барынша уайымымды білдіртпеуге тырысудамын. Біз үйдеміз. Дұғадамыз. Жазып жатқан достарыма және оқырмандарыма рақмет», — деп жазды ол.

ақпарат,фото: /Smartnews.kz