Аналық ақ батаңызды бердіңіз — Димаш Бибігүл Төлегеноваға алғыс айтты

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

https://sputniknews.kz/images/1170/07/11700729.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/culture/20191217/12314844/Dimash-Bibigul-Tulegenova.html

Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Еліміздің танымал орындаушысы Димаш Құдайберген Қазақстанның аты аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Димаш құттықтауын Instagram желісінде жариялады.

«Аса құрметті Төлегенова Бибігүл Ахметқызы! Сізді осынау 90 жылдық мерей тойыңызбен құттықтаймын! Әлі есімде 2015 жылы «Славян базарына» барғалы жатқанда аналық ақ батаңызды беріп тілеуімді тіледіңіз. Қытай елінде де жарыста жүрген кезімде жолдаған батаңыз әлі есімде. Қазақ ән өнерінің — анасы екеніңіз сөзсіз», — деп құттықтады ол өз аккаунтында.

Бұған қоса, жас орындаушы Қазақстанның халық әртісіне мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

«100 жылдығыңызды дүркіретіп атап өтейік! Сіздің күш жігеріңіз, еңбек еткен жолдарыңыз барлығы бізге болашаққа апарар үлкен белес!», — деп жазды Димаш.

Дүйсенбі, 16 желтоқсан күні КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова 90 жасқа толды. Әртісті мерейтойымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.



sputniknews.kz