Анализдерді тегін тапсырудың жолдары

0
141

Арамызда өмірінде бір рет болса да, анализ тапсырмағандар кемде-кем. Ультрадыбыстық зерттеу, магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография деген зерттеу түрлерінің күнделікті тірлікпен біте-қайнасып кеткені рас. Дәрігерлер пациенттің диагнозын анықтау үшін анализ тапсыруға немесе УДЗ-ден өтуге жолдама береді. Емнен бөлек, зертханалық талдауларға жұмсалатын шығын тағы бар.

Анализдерді кепілдендірілген медициналық көмек пакеті аясында тегін тапсыруға болады. Жолдаманы учаскелік терапевт немесе дәрігер жазып береді. Анализді тегін тапсыруға белгілі бір көрсетілімдер болуы тиіс, – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ басқарушы директоры Забира Оразалиева.

Кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде аталған талдау түрлерін ғана емес, МРТ, КТ сынды зерттеулерді, ПЦР әдісімен жасалатын анализдерді де тегін тапсыруға мүмкіндік бар. Зерттеудің бұл түрлеріне жолдаманы халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған санаттары ала алады. Олардың толық тізімін adilet.kz сайтынан көре аласыз.

Жолдама емхана көмегіне жүгінген пациенттің бәріне бірдей беріле бермеуі мүмкін. Жолдама саны шектеулі болғандықтан алдымен халықтың тұрмысы төмен бөлігіне басымдық беріледі. Егер сіз тегін анализге немесе зерттеу түрлеріне жолдама беруден бас тартқан дәрігердің әрекетін заңсыз деп тапсаңыз, Медициналық сақтандыру қорына хабарласыңыз.

Анализдерді қалай тегін тапсыруға болады?
Иллюстрация: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры
Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz