Ана кісілердің тойын «өлтіріп» жүргізіп, асаба театр басқарып отыр – Мира Мадали

0

Соңғы 3 жыл алдын ғана твда басшы жігіттердің көңілін тапқан қыздар легі болатын. Сол талантынан басқа «данныйлары» ескерілмейтін. Теледидарды бермейтін еді бәтшағарлар.

Бір кездері әлеуметтік ток-шоу жүргіздім. Сонда бағдарламаға сұранып келіп алатын бір асаба бар еді. Деңгейі жәй ғана АСАБА. Екі жылдан соң ба дейм, театрға жұмыс бабымен барып қалдық. Қарасақ, әлгі асаба білдей бір ТЕАТРдың директоры болып отыр. Сөйтсем, ол кісі ана кісілердің тойын «өлтіріп» жүргізеді екен ғой.

Бұл «Болашақпен» билік басындағылардың барлық балалары оқып бітпегенінше, қарайым халықтың балаларына кезек тимегені сияқты ғой)). Сосын тағы жүрдік «Болашақтықтар неге экономиканы көтермейді?» деп. Көтерсін деп билік берілгендерінің жағдайы сіздерге мәлім.
Нағыз білімділерге кезек тигеніне міне ғой, 4-5 жыл бұрын.

Біздің таңдау критерийлеріміз қызық қой өзі. Ертең де, анау ана кісінің көкесі, анау мына кісінің адамы, ал енді ана кісіні мына кісі қосқан деген шарттармен тізімделген заң шығарушылар жасақталып, тағы да 4-5 жыл дамуды сәл шегере тұруымыз да ғажап емес.

Қазақпыз ғой. Бұл бізге норма. Уақыт шіркін күтпейді. Біз асықпаймыз. Басқалар озып барады, бірақ біз баяғымыз.

Айтылған уәде тек айту үшін айтылады. Эмоция үшін. Сондай эмоционалды халықпыз.

Мира Мадали