«Аң сияқты қамады»: Павлодардағы карантинге жабылған подъездердің суреті желіде қызу талқыға түсті — Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодарлық Insta-парақшалардың бірінде карантинге жабылған подъездің суреті пайда болды. Желі қолданушылары бұл жағдайға өз наразылығын білдірді. Ал денсаулық сақтау басқармасы жанындағы жедел штаб уақытша шара екенін айтып сендірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабардайды.

 

«Мұның бәрі адамдардың қауіпсіздігі үшін жасалған. Қазір жағдай осындай. Бұған қатысты сұрақтар туындамауы керек. Бұл уақытша қиындықтар», — деп жауап берді штабтың кезекші дәрігері Мұрат Ахметов.

Хабарланғандай, 9 сәуір күні Павлодардың екі көп қабатты тұрғын үйлерінің подъезі жабылды. Олар Шөкин көшесі 100 және Мәшһүр Жүсіп көшесі 4 адресі бойынша орналасқан. Металл есіктерді кірме тиектер, ал ағаш есіктерге шағын терезе қағып тұрғындарға азық-түлік беретін ғана орын қалдрған. Қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша, екі үйде 201 адам бар.

Алайда мұндай шаралар кейбір тұрғындарға ұнаған жоқ. Оның үстіне оларға түрме камераларының есіктеріндегі терезелерге ұқсайтын кішкентай саңлау тіпті ашуландырды.

Желі қолданушылары «аң сияқты қамады», «Павлодарда Шапито «, — деп жазды.

 

 



stan.kz