«Ән өнеріндегі құбылыс» Тоқаев Димашпен қол алысып түскен суретін жариялады – фото

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

279 0 0

Димаш Құдайберген Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуында өнер көрсеткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергенмен түскен суретін жариялады.

«Димаш Құдайберген – ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін», – деп жазды мемлекет басшысы.

Президент бірнеше сурет жариялаған. Бірінде Димаш Қазақстан президентімен қол алысып амандасып тұрса, екіншісінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке ізетін білдіруде.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 сәуір күндері алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстанда болды. Екі елдің президентінің қатысуымен өткен Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсімінде Димаш Құдайберген «S.O.S» әнін орындап, көрермендерді тәнті етті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз