«Ән айтуға дауысым шықпай қалды»: Жазира Байырбекова өмірін өзгерте алмайтынын айтты — Қазақстан жаңалықтары
Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында кейде ән айтатын кезде дауысының шықпай қалатынын айтты. Сондай-ақ, бұған өмірінде қандай жайттар әсер ететініне тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Жұлдыз айналасындағы адамдардың өміріне көп уайымдағаннан кейде дауысының шықпай қалатынын айтты. Осы орайда, ол сіңілісінің кеңесіне құлақ түріп, өзін күтуді қолға алғанын жеткізді.
«Айналамдағы адамдардың денсаулығын, олардың бала-шағасын, қайда тұратынын, материалдық жағдайын, қайда жұмысқа орналасатынын ойлап ұйықтай алмай шығатын, ән айтуға дауысым шықпай қалатын күндерім көп болады», — деп жазды ол.
Әрі қарай ол сіңілісінің өзіне қандай кеңес бергеніне тоқталды.
«Қазір осындай күйге түсерде сіңілім Нәзира Байырбектің «Әркімде әртүрлі бақыт бар. Бәрінің бақыты дәл сенікіндей болуы міндетті емес. Кім қалай өмір сүргісі келсе, соған талпынып, Алладан сұрайды. Өзіңді күт» деген сияқты сөздерін есіме алып, өзімді сақтауды үйреніп келемін. Шынында да, құдіреті күшті Алла тұрғанда оған кіп-кішкентай молекула болған мен кімнің өмірін өзгерте аламын. Бәрі Алланың қалауы мен өзіміздің әрекетімізге байланысты», — деп қорытты әнші.
stan.kz