Әмре Дима Биланға қазақтың шапанын сыйлады (видео)

0

Отандық танымал әнші Ернар Садырбаев (Әмре) ресейлік «Голос» шоуындағы тәлімгері Дима Биланға шапан сыйлады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Ол тәлімгері екеуінің арасындағы әңгімені өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Әңгіме арасында Әmrе Биланға қазақтың ұлттық шапанын, қалқан мен қамшыны сыйға тартты.

«Бұл ерекше саяхат болды. Керемет әндер, сөздер, сәттер, кезеңдер өмірімнен орын алды. Барлық хаттарды, пікірлерді оқып шықтым, жылы тілектеріңізге рахмет! Мен өзімнің және елімнің абыройын лайықты түрде асқақтаттым деп ойлаймын!», — деп жазды әнші.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.