Әміржан Қосановтың анасы өмірден озды
Саясаткер Әміржан Қосановтың анасы Аққыз Қосанова өмірден өтті.
«Жас кезімде «Жаратқанға жалбарыну» деген өлеңімде:
«…Екінші тілек – дара шын,
Құлдықты сала сұраймын:
Аман болсын анашым —
Аққызы Нағашыбайдың», -деп жазыппын.
Бүгін менің сол тілегімді Жаратқан ием ұмытып кетті…» деп жазды саясаткер өзінің парақасында.
Айта кетейік, Аққыз Қосанова апамыз ақын Шөмішбай Сәриевтің туған әпкесі.
Қосановтар отбасына көңіл айтамыз!