Әміржан Қосанов: «Ресей мен Қазақстанның саяси билік жүйелері бірдей, Путин сарайлары бізде де бар…»

0

Соңғы күндері Ресейде болып жатқан қарсылық акциясына байланысты саяаткер Әміржан Қосанов KzNews.kz сайтына өз пікірін білдірді.

«Қазақстан мен Ресей советтік империя шинелінен шыққан. Объективті және субъективті себептерге сай саяси жүйелері де, оған негізделген биліктің жүйесі мен коррупциясы да ұқсас. Авторитарлық жүйелер бір-біріне ұқсайды, бір-бірінің іс-әрекетін қайталайды.

Путин сарайы секілді біздің басшылардың да ұрлаған ақшаларға салған үлкенді-кішілі сарайлары бар. Ол туралы тәуелсіз БАҚ жазып та жүр. Сондықтан қазақтың «навальныйлары» зерттер, жариялар тақырыптар мен жемқор тұлғалар, сарайлар мен басқа да нысандар жетіп асады. Бірақ… Қазақтың өзі ішінен «навальный» не басқа оппозициялық көзқарастағы тұлға көзге түсе қалса, билік емес, өзін оппозиция санайтын өзге тұлғалар оны түтіп, жеп қоятын шығар!

Мәселенің басқа да тұстары бар. Путин сарайы, Медведевтің меншігі мен мүлкі туралы ақпарат ғайыптан пайда болмайды. Оларды билік ішінде жүрген ықпалды топ өкілдерінің өзі навальныйларға беруі әбден ықтимал. Бізде ондай топтар бар ма? Жемқорлықты осылайша ұйымдасып зерттеу, жалпы оппозициялық күрес сонымен бірге қомақты қаржыны қажет етеді. Сондай ұйымдар мен тұлғаларға қаржылай көмек беретін ұлттық буржуазия бізде бар ма?» деді саясаткер.