Home Жаңалықтар Әміржан Қосанов: ОСК-ға құжаттарымды өткіздім

Әміржан Қосанов: ОСК-ға құжаттарымды өткіздім

0
132

«Ұлт тағдыры» қозғалысы кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынған саясаткер Әміржан Қосанов сәуірдің 27-сі күні таңертең орталық сайлау комиссиясына (ОСК) барып, құжаттарын тапсырды.

«Орталық сайлау комиссиясы құжаттарымды қабылдады. Ешқандай ескерту айтқан жоқ. Құжаттарды тексеріп, екі күннің ішінде жауабын беретінін айтты. Сосын дүйсенбі сағат 11:00-ге мемлекеттік емтиханға шақырды» деді Әміржан Қосанов Азаттық тілшісіне.

Оқи отырыңыз: «Ұлт тағдыры» Қосановты сайлауға кандидат ретінде ұсынды

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Президент сайлауына кандидат ұсыну 28 сәуір кешке дейін жалғасады, кандидаттарды тіркеу 11 мамырда аяқталады.

Қазірге дейін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандидаттардың тізімі:

Azattyq