Әміржан Қосан: «Тұңғыш президент» термині, бұл саяси және моральдық қате!
Саясаткер, журналист Әміржан Қосан «Тұңғыш президент» термині туралы ойын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Тұңғыш» деген сөздің астарында «бұған дейін ешкім, ешнәрсе болмаған» деген ұғым жатыр.
Сондықтан кезінде «тұңғыш президент» деген атақты ұсынғандар осы түсінікті ұстанып, елбасына жағымпазданып, жаққан болса керек. Елбасы да көне салған.
Бұл тарихи, саяси және моральдық тұрғыдан қате!
Өйткені 1991 жылға дейін де әртүрлі саяси жүйеде өмір сүрген қазақтың өз басшылары болған: хандар, төрағалар, бірінші хатшылар.
Өз уақыты келеді де, осы тарихи қателік түзетіледі деп сенемін.
Яғни болашақ оқулықтарда «Нұрсұлтан Назарбаев — 1991 жылдан …-ге дейін Қазақстан Республикасын басқарған кезекті басшы. Оның тұсында жетістіктер де болды, кемшіліктер де болды» деп жазылады.
Ал әзірше мұның бәрін елбасының және оның жандайшаптарының пендешілік тірлігі деп бағалайық», — дейді ол.