Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі

0

Бұл қазақ театры мен кино өнері үшін рухани жаңғырудың ең үлкен көрінісі саналады.

Қазақстанның халық әртісі Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі. Бұл туралы бүгін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театры директорының міндетін атқарушы Азамат Сатыбалды мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі тұлғалар бейнесін жасау керектігі айтылған болатын. Осы «Ұлы тұлғалар» сериясы аясында 2019 жыл Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, саналы ғұмырын Ғ.Мүсірепов театрына арнаған сахнамыздың саңлағы Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойына орай шаралар ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі. Бұл қазақ театры мен кино өнері үшін рухани жаңғырудың ең үлкен көрінісі саналады», — деді Азамат Сатыбалды.

Айта кетейік, бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде еліміздің республикалық театрларының басшылары баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Баспасөз мәслихаты барысында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының міндетін атқарушы Сәбит Әбдіқалықов, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театры директорының міндетін атқарушы Азамат Сатыбалды, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының директоры Любовь Ни, Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі Мұрат Ахмадиев өткен жылы атқарған жұмыстары жайында есеп берді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/