Американың Perseverance марсоходы Марсқа қонды

0

Америкалық Perseverance марсоходы Марсқа сәтті қонды. Америкалық аэроғарыш агенттігі (NASA) ресми сайтында тікелей эфир жүргізді.

Марсоход планетада бұрын өмір болған-болмағанын зерттейді әрі топырақ үлгісін алып, Жерге жеткізеді.

Марсқа парашют арқылы қону жеті минөтке созылды. Осыдан кейін аппарат алғашқы суретін түсірді.

Perseverance Марсқа былтыр шілде айында ұшырылған. «Марс-2020» миссиясы аясында қондырғы планетада 700 тәулік жұмыс істейді.

Ақпан айының басында Марс орбитасына Қытайдың ғарыш зонды шығарылған. Мамыр айында қондырғы Марсқа қонады деп болжап отыр. Қытай ғалымдары бұл миссия адамзаттың Марсқа көшу мүмкіндігін зерттейді дейді.

Қытайға дейін арабтың «Әл-Амал» спутнигі Марсқа ұшырылған. Оны былтыр жазда Біріккен Араб әмірлігі ұшырған. Олардың мақсаты — атмосферсын, климатын және жыл мезгілін зерттеу.