Америкалық ғарышкер қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен ғарыштан құттықтады

0

Америкалық ғарышкер Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қазақстандықтарды ғарыштан құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

«Қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! АҚШ Қазақстан Тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындады. Содан бері екі ел арасында барлық бағыт бойынша, әсіресе, ғарышты зерттеуде ынтымақтастық артып келеді», — деді Томас Ванде Хэй.

Сондай-ақ, ол Байқоңыр ғарыш айлағынан алған әсерін айтты.

«Байқоңырдан екі мәрте ұшу бақытына ие болдым. NASA онда маңызды зерттеулер жүргізді», — деді АҚШ азаматы.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы жазба жарияланғаны хабарланған болатын.