Америкаға көшіп барғанына 2 апта болған қазақстандық әйел терактіден көз жұмды – Қазақстан жаңалықтары

0
90
Advertisement

Нью-Йорк қаласында болған терактіден кейін 18 жыл өтті. Алматылық әйел Америкаға отбасымен көшіп барған соң, екі аптадан кейін көз жұмды. Жүректі сыздатқан оқиға туралы марқұмның әкесі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

теракт

Аль-Каида боевиктері төрт жолаушы ұшағын басып алды. Осы ұшақтардың екеуі «Егіздер» мұнарасына келіп соғылды.

Осы күнге дейін әскерилер, журналистер мен саясаткерлер оқиғаның болу себебін жан-жақты қарастырып келді. Сол кездегі президент кіші Джордж Буш өз кезегінде білдірген қолдауы үшін қазақ халқына алғыс айтты. Оқыс жағдай кезінде қолдауға қатты зәру болған бір әйел бар. Ол – алматылық әйел. 

18 жылдан бері Валентин Цой мен оның жұбайының жүрегіндегі жара жазылар емес. Сол қаралы оқиға кезінде олардың қызы Жанетта көз жұмған еді. Әйел – сол оқиғада көз жұмған жалғыз қазақстандық. 2011 жылғы ҚБТУ түлегі америкалық компанияға жұмыс істеу үшін бір апта бұрын ғана барған. 

«Ол жұмысқа 17 қыркүйек күні шығуы керек еді. Жұмысы ауысып жатқан кезде кезекті демалыста болды. Қызметкерлермен танысу үшін жұмысқа ертерек шығуын өтінген екен. Осылайша, ол 11-і күні шықты», – дейді марқұмның әкесі. 

34 жастағы Жанетта алып шаһарға күйеуі және 4 жасар қызымен бірге көшіп барған. 

«Ол өте бақытты жандардың бірі еді. Өйткені, ол өмірде бірнәрсеге қол жеткіздім деп ойлайтын. Үлкен әлемге шығып, сол жерде өмір сүрді. Ол кеңсеге келіп «Нью-Йорк алақандағыдай көрінеді» деп таңғалған екен», – дейді марқұмның құрбысы Наталья Пак. 

Жанетта солтүстік мұнараның 98-қабатында жұмыс істеген. Ұшақ сол жаққа соғылған еді. 

«Ұшақ соғылардың алдында жұмыстарымен төменгі қабатқа түскен. Ол тұрып жатқан пәтерге телефон орнатпақ болған», – дейді Валентин Цой. 

Әкесі құтқарушылар «Сол жерде күтіңдер» деп айтпағанында қызының аман қалуы мүмкін екенін бөлісті.

«Ол соңғы сәтке дейін күтіп отырған. Кейін бір топ адаммен бірге түсе бастайды. Араға 40 минут салып көрші мұнара түгі қалмай құлайды. Осының салдарынан солтүстік мұнараның есігі жабылып қалған. Қызым шығаберістен табылды», – дейді  қария. 

Осы оқыс жағдайдан 2 977 адам көз жұмды. Олардың 343-і – өрт сөндірушілер, 60-ы – полицей. Кей мәлімет бойынша апаттың салдарын реттеуге кіріскен 1 400 адам көз жұмған. 

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз