Америкада сүйіктісін қызғанған қыз ұшақта жанжал шығарды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Сүйіктісін қызғанған АҚШ тұрғыны ұшақта жанжал шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Оқиға Майамиден Лос-Анджелеске бет алған American Airlines әуе компаниясының ұшағында болған.

Бойжеткен сүйіктісін өзге қыздан қызғанса керек. Жігіт ұзақ уақыт бойы ол қыздан көз алмаған. Бортсерік жұпты сабырға шақырғанмен, бұдан еш нәтиже шықпады, деп хабарлайды New York Post.

Жолаушылар жанжал шығарған қызды рейстен алып тастауды талап етті. Алайда бойжеткен жігітіне қарай ұмтылып, басынан ноутбукпен ұра бастаған. Ер адаммен бірге бір бортсерік те зардап шекті.

Тағы оқыңыз: Танымал актер мас күйінде ұшақта жанжал шығарды — видео

Жанжал шығарған жолаушы рейстен алынды. Адамға шабуыл жасады деген айып тағылып отыр.



sputniknews.kz