Америкада автобус күтіп тұрған қазақстандық бүлдіршін ауруханадан бір-ақ шықты

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жергілікті телеарнаның ақпаратынша, жарақат алған қызға ота жасау қажет. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Нью-Йоркте қазақстандық дипломаттың төрт жасар қызына ит тап берді. Бұл туралы CBS New York телеарнасы хабарлап отыр.

БАҚ-тың ақпаратынша, оқиға Бронкстың солтүстік-батысындағы Норт Ривердейл ауданында болған.

Белгілі болғандай, кішкентай қыз таңғы сегіздер шамасында мектеп автобусын күтіп тұрған. Осы сәтте оған, қайдан шыққаны белгісіз, питбуль тап берген. Қазақстандық бүлдіршін беті мен мойын тұсынан жарақат алды.

Оқиға орнына келген жергілікті полиция иттің қоршалған аумақтан қашып кеткенін хабарлады.

Дәрігерлер, төрт жасар қызға ота жасау керектігін айтты.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.



sputniknews.kz