«Америка өзгертіп жіберді»: әнші Данэлия Төлешованы жұрт танымай қалды

0

Данэлия небәрі 11 жасында «Голос дети» байқауының финалында «Не твоя війна» әнін шырқап, жеңіске жеткен

Украинадағы «Голос дети» байқауында бас жүлдені алып, бүкіл әлемді дауысымен тамсандырған қазақстандық әнші Данэлия Төлешованы АҚШ-қа көшіп кеткеннен кейін жұрт танымай қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Данэлия небәрі 11 жасында «Голос дети» байқауының финалында «Не твоя війна» әнін шырқап, жеңіске жеткен. Осыдан кейін де «America’s Got Talent» байқауында да бақ сынап, жұрттың көзайымына айналған.

Отандасымыз музыкалық карьерасын жалғастыру үшін 16 жасқа толған шағында жалғыз өзі АҚШ-қа қоныс аударғаны туралы ақпарат тарады.

Қазір Данэлия Төлешова АҚШ-та өмір сүріп жүр. Instagram парақшасында жүктеген фотоларына қарап, жұрт «Голос дети» байқауында жеңіске жеткен кішкентай Данэлияны танымай қалғанын айтты.

«Бұл біз білетін Данэлия емес», «Әрбір жазбасындағы фотосында кеудесін көрсетіп қалуға тырысады», «Өкінішті-ақ, сондай дауысымен әлі күнге дейін талантын толық аша алмай келеді», «Қарапайымдылық саған қаттырақ жарасады. Америкалықтарға еліктеме, сенің дауысың – Жаратушының берген сыйы», «Ол 18 жаста, бұл – оның қалауы, таңдауы» «Америка өзгертіп жіберді», — деп жазды желі қолданушылары.