Аманғалиев 115 мың еуросымен қимай қоштасты. Аэропортта… (видео)
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиевтің қалай ұсталғаны көрсетілген видео таралды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарованың хабарлауынша, ол 115 мың еуро көлемінде пара алды деп айыпталып отыр.
«Ол мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылып жатқан құны 4,5 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жоба бойынша жалпы қамқорлығы үшін құрылыс компаниясы өкілінен келісілген 400 мың еуро пара сомасы бөлігінің 115 мың еуросын алды деп күдіктелді», — деді Жанна Бастарова.
Бұған дейін Серік Аманғалиетің 2 айға қамауға алынғаны жайында хабарланған. Облыстық сот мәлімдегендей, Аманғалиев мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы әрекет жасап, ірі көлемде пара алғаны үшін айтыпталды.
«2018 жылдың 3 қарашасында Серік Аманғалиев Ақиаудың халықаралық әуежайы маңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында ұсталды», — деп жазылған еді ведомствода.