«AMANAT» партиясының гуманитарлық көмек қабылдау пункттері жұмысын бастады

0
20

Бүгін «AMANAT» партиясының барлық өңірлік филиалдарында Қостанай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жинау пункттері жұмысқа кірісті. Онда бірінші кезекте қажетті тауарлар, азық-түлік (сақтау мерзімі ұзақ), жылы киім, тазалық құралдары керек.

Алматыдан келген ерікті Жандос Тәліповтың айтуынша, мұндай жағдайда шетте қалуға болмайды.

«Зардап шеккендерге жай сөзбен ғана емес, іспен де көмектескім келеді. Мен барша қазақстандықтарды зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырамын, Қостанай-Біз біргеміз!»,-деді ол.

«Дәл осындай уақытта біз елдігімізді, ауызбіршілігімізді көрсетуіміз керек. Себебі өзгенің басына түскен қиындыққа бейжай қарап, қол қусырып отыруға болмайды. Біз зардап шеккендерге мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге оралуға жағдай жасап, көмектесуіміз керек», – деді өскемендік ерікті Марлен Әбубәкір.

Айта кетейік, қазірдің өзінде қазақстандықтар жолдаған алғашқы көмек і жиын пункттеріне келіп түсуде.

Гуманитарлық көмек жинау пункттерінің мекенжайлары
АймақҚалаМекенжайлар
    1.Абай облысыСемейШайжүнісов көш., 138
    2.Ақмола облысыКөкшетауӘуелбеков көш., 117
    3.Ақтөбе облысыАқтөбеТургенев көш., 86
    4.Алматы облысыҚонаев1 шағын аудан, 13
    5.Атырау облысыАтырауӘйтеке би көш., 79а
    6.Батыс Қазақстан облысыОралМолдағалиев көш., 19
    7.Жамбыл облысыТаразСүлейменов көш., 1
    8.Жетісу облысыТалдықорғанҚонаев көш., 47
    9.Қарағанды облысыҚарағандыӘлиханов көш., 4
10.Қостанай облысыҚостанайГоголь көш., 111
11.Қызылорда облысыҚызылордаЖақаев көш., 15а
12.Маңғыстау облысыАқтау17 шағын аудан, 50/1
13.Павлодар облысыПавлодарКривенко көш., 25а
14.Солтүстік Қазақстан облысыПетропавлАбай көш., 15
15.Түркістан облысыТүркістанМұсабек көш., 2а, коворкинг орталығы
16.Шығыс Қазақстан облысыӨскеменҚайсенов көш., 121
17.Ұлытау облысыЖезқазғанҒарышкерлер көш., 35
18.Нұр-СұлтанТәуелсіздік даңғылы, 3
19.АлматыАбылайхан көш., 79, коворкинг орталығы
20.ШымкентБейбітшілік көш., 3