«Аман-есен босанып ал»: желіде аяғы ауыр Жанар Дұғалованың видеосы тарады

0

Биыл көктемде тұрмысқа шыққан танымал әнші Жанар Дұғалова сәби күтіп жүр, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Жанар Дұғалованың Алматыда өткен концертте «Ізін көрем» әнін айтқан видеосы TikTok желісінде тарады. Бейнежазбадан әншінің аяғы ауыр екенін көруге болады. Видеоны көрген желі қолданушылары әнші жүкті болса да, барын салып ән айтып жатқанына таңданысын жасыра алмаған.

«Әнді айтсаң, жаныңды жеп айт» деген осы кісіге арналған сияқты. Энергиясын, харизмасын экранның ар жағынан отырып сезінесің ғой», «Энергиясын жоғалтпапты, 38 апта болған біз әрең жрміз», «Мықты қыз, жасандылығы жоқ. Аман-есен босанып ал, Жанар», — деп жазуда көпшілік. Еске сала кетсек, әнші Жанар Дұғалова биыл наурыз айында ұзатылған болатын. Араға жеті күн салып, қос ғашық үйлену тойын дүркіретіп өткізген еді.