Алжирде бұрынғы президенттің сайлануына қарсы шеру жалғасып жатыр

0

5 наурызда Алжир астанасында бұрынғы президентің сайлауға түсуіне қарсы студенттер шеруі жалғасты. Мыңдаған студент 18 сәуірге белгіленген сайлауды өткізбеуді, 82 жастағы президент Әбделазиз Бутефликаның алдағы сайлауға кандидатурасын ұсынбауын талап етті. Наразылық акциясына қатыспай шеруді бақылаған қала тұрғындары қатысушыларға қол шапалақтап, қолдау көрсеткен.

Reuters хабарлауынша, елдің өзге де Константина, Аннаба мен Блида қалаларында да студенттердің наразылық акциялары өткен.

Оқи отырыңыз: Алжирде мыңдаған адам президенттің биліктен кетуін талап етті

Әбделазиз Бутефлика Алжирді 1999 жылдан бері басқарып келеді. 2013 жылы оған қастандық жасалды. Содан бері ол қоларбамен қозғалады. Көп алдына сирек шығады. Жақында Швейцарияның ақпарат құралдары Бутефликаның Женевадағы емханада екенін жазды.

Reuters жазуынша, президент сайлауына қатысу үшін Бутефлика 3 наурызда құжаттарын сайлау штабының басшысына беріп жіберген. Бутефлика президент сайлауына бесінші рет қатыспақшы.

Азаттық