Алып қашқан қалыңдықтың аяусыз өлімі Қырғызстанды дүр сілкіндірді: Халық бас көтерді

0

Қырғызстандықтар 5 сәуірде алып қашқан 27 жастағы Айзада Қанатбекованың өліміне байланысты наразылық акциясына шықты.

Айзада Қанатбекованы 5 сәуірде сағат 7:00-де Бішкекте алып қашқан. Бұл сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеода бір ер адамның қызға жақындағаны және оны күшпен машинаға апарғаны көрінеді. Кейінірек тағы екі ер адам қызға жақындап, оны қызыл түсті машинаға мәжбүрлеп отырғызған. Бұл көлікке екі адам отырады, үшіншісі таксигеотырады. Қыздың туыстары алып қашқандардың бірі қызды бірнеше рет «мазалағанын» айтты.

Жақында қыз бен оның алып қашқан жігіттің мәйіті бар көлік табылды. Полицияның алдын-ала мәліметтері бойынша, ер адам жанжал кезінде қызды қылқындырып, содан кейін өзіне пышақ жарақатын салып, өлген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сілтеме жасап

«Қарындасымызды алып қашқан ер адамның есі дұрыс емес. Ол 30 жастан асқан. Біз одан бірнеше рет қарындасымызды мазаламауды сұрадық», — деді туысы.

Туыстарының бірінің айтуынша, қыздың анасы полицияға арыз жазғаннан кейін, оны іздеу үшін ешқандай шара қолданылмаған.

 

Осы жағдайға байланысты Бішкекте Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында «Зорлық-зомбылыққа қарсы» митингі өтіп жатыр. Митингке 200-ден астам адам жиналды.

Митингке қатысушылар министрлік басшысы Ұлан Ниязбеков пен Бішкек ІІББ бастығы Бақыт Матмусаевтың отставкаға кетуін талап етуде.

Наразылық білдірушілерге Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тергеу қызметі қызметкерлерінің бірі шықты. Жиналғандар оны тыңдамай, министрдің келуін талап етті.

Сосын халық алдына премьер-министр Ұлықбек Марипов шықты. Ол сұмдық оқиғаға алаңдаулы екенін жеткізді.

«Сабыр етіңіздер, қазір кімнің кінәсі екенін айта алмаймын. Тексеру жүріп жатыр, біз оның нәтижелері туралы міндетті түрде хабарлаймыз», — деді премьер-министр.

Бүл ретте ол ішкі істер министрінің отставкасы туралы мәселе қызметтік тергеу аясында қаралатынын баса айтты.

Ал Бішкек ІІББ бастығы Бақыт Матмусаев марқұм Айзада Қанатбекованың туыстары мен жақындарынан кешірім сұрады. Оның айтуынша, полиция үш күн бойы қызды іздеуді тоқтатпаған.