Альварестің промоутері ешкім күтпеген мәлімдеме жасады

0
91
Спорт

Қысқа сілтеме алу

35 0 0

Бірнеше апта бұрын «Канело» өкілдері Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу келіссөздерінің басталғаны туралы мәлімдеген-ді. Алайда кейін Оскар де ла Хойя оның мамыр айында басқа спортшымен жұдырықтасатынын жеткізді

АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар Де ла Хойя Хьюстонда өткен бокс кешінде рингке шығып, «Канело» мен қазақстандық Геннадий Головкин арасында үшінші жекпе-жектің өткізілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Үшінші кездесудің өтетініне күмән жоқ. «Канело» тек мықтылармен жұдырықтасқысы келеді. Үшінші жекпе-жекте оны (Головкинді — Sports.kz) нокаутқа жіберетініне сенімдімін», — деп мәлімдеді Оскар де ла Хойя.

Бірнеше апта бұрын Де ла Хойя Головкинмен мамыр айында жекпе-жек өткізуге қатысты келіссөздердің басталғанын мәлімдеген-ді. Алайда кейін «Канелоның» өкілдері оның 4 мамыр күні Дэниэл Джейкобспен шаршы алаңда жұдырықтасатынын жеткізді. Бұл жекпе-жектің қайда болатыны қаңтар айының соңында Невада штатының Атлетикалық комиссиясының отырысында белгілі болады.

Қазақстандық Геннадий Головкин осы жылдың сәуір-мамыр айларында шаршы алаңға оралады деп жоспарланып отыр.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/