Альварес пен Головкиннің жеңісі мен жеңілісі үшін алатын ақысы белгілі болды

0

Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің 17-18 қыркүйек күндері Лас-Вегаста өтетін үшінші жекпе-жегі үшін алатын ақысы белгілі болды.

The Mirror ақпаратына сәйкес, мексикалық боксшы 45 миллион доллар, қазақстандық боксшы 20 миллион доллар көлемінде кепілдендірілген гонорар алады.

Бірінші жекпе-жегі үшін Канело 5 млн доллар, ал Головкин 3 млн доллар алды, екінші жекпе – жекте мексикалыққа сонша, ал Қазақстан боксшысына бір миллионға артық төледі.

Боксшылардың соңғы төлемдері ақылы трансляциялар мен билеттерді сатқаны үшін бонустардың арқасында өсуі мүмкін.