«Алуға болмайды деп жүргендердің өзінің пәтері бар»: Нұрлан имам ипотекаға ақша салу күнә емес екенін айтты

0

Әлеуметтік желіде танымалдыққа ие болған Нұрлан ұстаз ипотекаға ақша салу күнә емес екенін айтты. Бұл туралы ол тікелей эфир кезінің бірінде айтты, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Нұрлан Имамға ипотекаға ақша салу харам ба деген оқырманы сұрақ қойды. Оған Нұрлан имам былай деп жауап берді:

«Күнә емес. Қаңғып, қаңғып біттік. Өз елімізде біреуге телмірген ел болдық. Оның да уақыты өтті. Алуға болмайды деп жүргендердің өзінің пәтері бар. Өмір бойы ақша жинап, өмір бойы біреуді байыта береміз бе? Әр нәрсе өз жөнімен болуы керек», — деп жауап берді Нұрлан имам.