Алуа Қонарова қырғыз жігітіне тұрмысқа шыққанын жайып салды (фото)

0

Елімізге танымал продюсер Алуа Қонарова өзінің бұрын тұрмыста болғанын мәлім етті. 20 жасында айыр қалпақты ағайынның жігітіне ғашық болған продюсер келін болған күндерін есіне алды деп жазады NUR.KZ.

Өзінің өткен өмірі жайлы продюсер Insragram парақшасында мәлім етті.

«1994 жылы 20 жастамын. Ыстықкөлге жасаған кезекті сапарымда сұңғақ бойлы, денелі қырғыз жігітіне ғашық болып қайттым.

Иә, мен қырғыз келіні болдым. Сәлем салудан басталатын келіннің барлық жұмысын істедім. Үй жинап, тамақ дайындадым. Ұзын халат киіп, орамал тақтым.

Күйеуім маған «бұл жерде еңбек тәжірибесінен өтіп жатырсың» дейтін. Алайда Алматының қызы болғандықтан, менің отбасымда мұндай салттың барлығы сақталмайтын. Оның үстіне анамның жалғыз қызы едім.

Менің тұрмыстық өмірім аяқталды. Бірақ мұның барлығы Алланың қалауымен, екеуміздің игілігіміз үшін жасалды«, — деп жазды Алуа Қонарова.

https://www.instagram.com/p/BtGYqRqhbl8/?utm_source=ig_embed

Дереккөз: kaz.nur.kz