Алтынемел ұлттық саябағы аумағында жер сілкінді

0
137

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

18 0 0

Жер сілкінісі бүгін Алматы облысында, Алтынемел ұлттық саябағы аумағында болыпты

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. ҚР білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансалар желісі 15 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша сағат 8:54-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік – шығысқа қарай 206 километр қашықтықта орналасқан, деп хабарлайды Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Тағы оқыңыз: Алматыдан 374 шақырым жерде жер сілкінді

Бұған қоса, some.kz сайтындағы картаға сәйкес, жер сілкінісі Алтынемел ұлттық саябағы аумағында болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 9.0. Магнитудасы MPV 3.9. Тереңдігі 10 километр.

Табиғи құбылыстың сезілуі туралы мәлімет жоқ.



sputniknews.kz