Алтынай Жорабаева күйеуінің Infiniti көлігін сыйға тартқанын айтып мақтанды

0

Алтынай Жорабаеваға күйеуі су жаңа Infiniti маркалы темір тұлпарды сыйға тартты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Автокөліктің суретін әлеуметтік желіге салып мақтанған әнші күйеуіне дән риза екенін жеткізді.

Көлік суретін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген ол күйеуінің өзіне деген ыстық ықыласы туралы жазды. Ол өмірлік серігі Әлішер мырзамен арада болған диалогты оқырман назарына ұсынып, жанкүйерлеріне ой тастады.

«Жаным”, “сүйем”’ “жақсы көремін” деген сөзді көп айтса, қадірі кетеді деп жатады.

Немесе, іштей, үндемей жақсы көру керек дейді көп адамдар. Бұған не дейсің?», — деген әншінің сауалына ол: «“Жаным”, “жақсы көремін”, «сүйемін» деп айтпасаң, бір күні ол сөздің тіпті қажеті де болмай қалады. Керісінше, сезіміңді білдірген сайын, жақсы көретініңді айтқан сайын, махаббат беки түседі», — деп жауап берген екен.