«Алтын жалатылып, бұзау терісінен жасалған»: Маңғыстау облысында полиция департаменті 180 дана сағатқа тапсырыс берген

0
Әр сағаттың бағасы — 11 мың теңге тұрады

Маңғыстау облысының Полиция департаменті 180 дана алтын жалатылған сағат сатып алмақ. Оның 80-і әйелдерге және 100 данасы ер адамға арналған. Бұған бюджеттен екі миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалады, деп хабарлайды Kznews.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті Мемлекеттік сатып алушылар сайтында сағат сатып алу туралы хабарландыру жариялаған. Құжаттарда сағат алтын жалатынған болуы керек екені, ал аксессуардың бауы бұзау терісінен жасалуы керек деп жазылған.

«Механизм — жапон/щвейцариялықтан жаман емес. Механизмнің түрі – кварц. Сырты PVD Gold (алтын), қапталған (титан нитрид + 10 микрон алтын). Артқы қақпағы тот баспайтын болаттан жасалған. Шынысы — минералды, сызаттарға төзімді. Су өткізбейтін — кем дегенде 5 АТМ. Шаң/ылғалға төзімді. ( … ) Циферблат – ақ эмаль, дөңгелек, диаметрі кемінде 30 мм, өріс өндірушінің жазулары мен эмблемаларынан таза. Бауы: аллергияға қарсы жабыны бар былғарыдан (бұзау), қара/қоңыр, қара/қоңыр жіптермен тігілген», — делінген сипаттамасында.

Анықталғандай, әр сағаттың бағасы — 11 мың теңге тұрады. 80 дана тұратын әйелдер сағатының жиынтығына ведомство 880 мың теңге, ал жүз ерлер сағатына — 1,1 миллион теңге бөлуге дайындалып отыр.

Тапсырыс берушінің тағы бір шарты — әдемі қаптаманың болуы. Лазерлік гравюра, артында — «ҚР ІІМ» логотипі және «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ» деген жазу бар, — делінген техникалық сипаттамада.

Басылым мәліметінше, жеткізушілер әлі жоқ — өтінімдерді қабылдау жүріп жатыр және ол бүгін сағат 17:45-те аяқталады.

Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінде ведомство осындай сағаттарды ерекше көзге түскен құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне мереке күндері сыйлайтынын түсіндірді.

Сурет: Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі / lada.kz