Алтын құймалар, сәнді көліктер мен сансыз көңілдестер: Қытайда жоғары лауазымды банкир өлім жазасына кесілді
Қытайда партиялық комитеттің бұрынғы хатшысы және елдегі ең ірі активтерді басқару компаниясының China Huarong Asset Management Co Ltd басқарма төрағасы Лай Сяомин өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post-қа сілтеме жасап.
Экс-банкир 29 қаңтарда таңертең Тяньцзинде өлім жазасына кесілді. Сотталушы өлім жазасына қандай жолмен кесілгені белгісіз.
Деректерге сүйенсек, қайтыс болғанға дейін оған жақын туыстарымен кездесуге рұқсат етілген.
2018 жылдың күзінде Лай Сяоминь партиялық тәртіп пен заңнаманы бұзғаны үшін партиядан шығарылды.
Бұған дейін Қытайдың Жоғарғы халық соты Лай Сяоминді өлім жазасына кесіп, шамамен 1,8 миллиард юань (277 миллион доллар) пара алғаны, сыбайлас жемқорлық және екіжүзділік үшін кінәлі деп тапты.
Жоғары лауазымды банкирдің жемқорлық және алаяқтық әрекетіне қатысты ісі бүкіл елді дүр сілкіндірді.
Жергілікті БАҚ Лай Сяоминьдің Пекиндегі пәтерінде «супермаркет»деп аталатын сейфтер мен шкафтар болған деп хабарлаған. Қытайлық Caixin медиа тобының мәліметінше, оның алтын құймалары мен сәнді көліктері, анасының атына жүздеген миллион юаньнан тұратын банктік шоты және бірқатар көңілдестеріне берген мүлкі бар болып шыққан.
Лай Сяоминь 1962 жылы дүниеге келді, кәсіби мансабын 1983 жылы Қытай Халық банкінің құрылымында бастады және 2003 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2003 жылы банк қызметін бақылау жөніндегі мемлекеттік комитетке қызметке ауысты. 2009 жылдың қаңтар айында China Huarong компаниясында жұмыс істей бастады, ал 2012 жылдың қыркүйек айында басқарма төрағасы лауазымын атқарды.