Алтын Орда базарында спецназдар арнайы операция өткізуі мүмкін

0

Болат Назарбаевтың кезінен қалып қалған неше түрлі ұсақ-ірілі бандиттердің барлығы Алтын Орда базарындағы заңсыз әрекеттерін әлі күнге дейін жалғасып жатыр.

Бұл туралы «DALA инсайд» telegram-арнасы хабарлайды.

«Ескі заңсыздықтарға үйреніп қалған, салық төлегісі келмейтін сатушылармен бірге түрлі митингтер мен жаңа «Қаңтар оқиғасын» ұйымдастырудың астыртын жұмыстарын бастаған.

Осы орайда, базардың жаңа заңды қожайынын үркітіп, әсіресе отбасы мүшелеріне қастандық жасаймыз деп қорқытып, базаркомды толық бағындырмақ. Жағдаймен таныс дереккөздің ақпараты бойынша, Болат Назарбаевтың адамдары шетелден осыған дем беріп отыр. Болат Назарбаевтың да Алтын Орда базарынан айрылғысы келмейтіні білінеді.

Құқық қорғау органдарының Алтын Ордаға толық спецназ кіргізу, қоршауға алып, қылмыстық элементтерді тазалау бойынша операция жоспары да бар. Жақын күндері осы бағыт белсенді талқылануы мүмкін» делінген хабарламада.

(фото Orda.kz)