Алтын бағасының рекордтық өсуі: құнды металды сақтау және сатып алу тиімді ме?

0

Соңғы он күнде Қазақстанда бір грамм алтын бірден 5 пайызға немесе 2 мың теңгеден артық қымбаттады. Бұл алтын бағасының абсолютті рекордты өсуі деп қарасақ болады.

Тек 2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда бір грамм алтынның бағасы 3415 теңгеге өсті.

Ең танымал қымбат металдың жылдам және рекордтық өсуі бүкіл әлемде орын алуда. Алтын қазірдің өзінде бір унция үшін 2,3 мың АҚШ долларынан асады (халықаралық троя унциясы 31,1034768 граммға тең).

Әлемдік аналитикалық агенттіктер биылғы жылы алтынның неге 11%-ға өскені туралы нақты жауабы жоқ. Tengenomika қазақстандық порталы дамыған елдердің облигациялары бойынша кірістіліктің төмендеуіне және геосаяси тәуекелдердің болуына байланысты төмен ставкалар жағдайында бағалы металға сұраныс одан да жоғары болуы мүмкін деп санайды.

Кейбір сарапшылар алтын бағасының өсуі көбінесе қымбат металды белсенді түрде сатып алатын ҚХР саясатына байланысты деп болжайды. РБК хабарлағандай, 2023 жылы Қытай Халық банкі әлемдегі ең ірі алтын сатып алушы болып есептелінген. Өткен жылдың тоғыз айында бұл ел 181 тонна алтын сатып алған. Себебі Аспан асты елі коронакризистен айығуды жалғастыруда және ол үшін алтын күшті қаржылық және геосаяси құралға айналуда.

Іс жүзінде барлық мамандардың айтуынша, алтынға инвестиция салу барлық уақытта өзектілігін сақтайды.

фото: pixabay.com