«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрмесі жалғасады

0
21 Желтоқсан 2018, 12:35 225 0

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Ұлттық музейде өткен «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты xалықаралық көрме жобасының жылдық қорытынды баспасөз мәслиxаты өтті.

Жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі күні жоба әлемнің 6 елінде жүзеге асырылып, оны тамашалағандар саны 200 мың адамнан асты. Жобаның мақсаты – Ұлы даланың ежелгі және дәстүрлі өнер туындыларын әлемнің алдыңғы қатарлы музейлерінде көрсету арқылы еліміздің тамыры терең тарихын, бай мәдениеті мен теңдессіз қолөнерін паш ету, насихаттау.

«Бүгін үлкен ғылыми конференция өткізілді. «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты xалықаралық көрме 6 мемлекетте көрсетіліп келді. Бұл керемет жоба деп есептеймін. Қазақстан өнерін Елбасының қолдауымен әлемге көрсетуге мүмкіндік алдық. Бізді бүкіл әлем мемлекеттері мойындап жатыр деп айта аламын. Бүгінгі таңда 7 «Алтын адам» табылды. Болашақта одан да көп болады деген сенімдемін. Елбасымыздың жақсы сөзі бар «Біз үйренетін емес, үйтететін мемлекетке айналуымыз керек» осы сөзді арқау қыла отырып, біз жобаны бастап кеткен болатынбыз. Бұл шеру жалғасын табатыны сөзсіз. Жақын арады АҚШ, Алмания және Ұлыбритания мемлекеттерінде көрмені өткізу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз» — дейді Ұлттық музей директоры Алмаз Нұразхан.

Видео: Нұржас Жақсыбай














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ